$ 448.15  483.46  4.86

Петропавлда араққа тойып алған жүргізуші көлігімен аялдаманы соғып, үш адам зардап шекті

9 наурызда Сәтпаев көшесімен аса жылдамдықпен келе жатқан BMW автокөлігі аялдамаға соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан  1956 және 1958 жылы туған ер мен әйел адам және 5 жасар қыз зардап шеккен деп жазады pkzsk.info.

«Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілді. BMW автокөлігінің рөлінде 45 жастағы Петропавл тұрғыны болған. Тексеру кезінде ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды», – дейді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары