Жаңалықтар 13.03.2019 сағат 04:38

Қазақ жігітінен босанған конголық әйел: «Қызым Конгода не болып жатқанын ешқашан көрмесе екен»

Қазақстандық ер адамнан жүкті болып қалып, қыз баланы дүниеге әкелген Конго азаматшасы Моника Камукенж Камганза елімізде босқын мәртебесін ала алмады. Ендігі ол депортациялануы мүмкін. Ал сәбиі Қазақстанда қалады.

Қазақ жігітінен босанған конголық әйел: «Қызым Конгода не болып жатқанын ешқашан көрмесе екен»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астанаға табыс табамын деп келген Моника жат мемлекетте сәбиімен жалғыз қалды. Бүгінде ол «Аналар» үйінде тұрып жатыр. Әйел қазақ және орыс тілдерін үйренуде. 

Оның сәбиінің әкесі сол күйі хабарласпаған. Ал Мониканың анасы оның босанғанын желіден біліпті.

«Анам Facebook желісінде фото мен видеоны көріп, қалайша осылай болғанын айтып жылады. Қатты жылағаны сонша, тіпті, ауырып қалды. Алайда бұл жерде менің жағдайым жақсы. Аналар үйінде қыздарды француз тіліне үйретудемін», - дейді Моника.

Ол қызы мен өзін асырау үшін кез келген жұмыс істеуге дайын екенін айтады.
Қазақстандық заңгерлер сәбидің туу туралы куәлігін рәсімдеп қойыпты. Болашақта ол Қазақстанның төлқұжатын ала алады. Есесіне Моникаға құжаттарын рәсімдеу қиынға соққан. Мемлекет оған босқын мәртебесін беруден бас тартты. Ендігі ол сот арқылы шағымданғалы отыр. Әйелдің Қазақстан аумағында өмір сүруіне рұқсат беретін құжаттың мерзімі бір айдан соң бітеді екен.

«Көмек» уақытша тұрақтау орталығындағылар Мониканың Қазақстаннан қызымен бірге кете алатынын айтты. Алайда оны арнайы құжаттарсыз Конгоға кіргізбейді. 

«Ол қалай қайтып барады? Ол жақта оны не күтіп тұр? Оның үстіне ол жайсыз мемлекет», - дейді орталық директоры Анна Рыль.

Сонымен қатар Анна Рыль Мониканың отанында қажетті құжаттарды рәсімдеп, артынша Қазақстанға қайтып келе алатын-алмайтынын білмейді.
Ал Мониканың өзі «қызым Конгода не болып жатқанын ешқашан көрмесе екен», дейді. 

«Жай ғана қызым үшін, өзім үшін қорықпай өмір сүргім келеді», - дейді ол.
Конголық әйел көп ұлтты Қазақстанның бір бөлігіне айналып, осында отбасын құрып, достар тауып, қызын өсіргісі келеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар