$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде жасөспірім электрошокермен қорқытқысы келген полицейді тістеп тастады

Оқиға 5 наурыз күні №10 автобуста болған деп жазады ustinka.kz.

Әжесінің айтуынша, 13 жастағы немересі мектептен үйіне қайтып келе жатқан. Автобусқа мініп, кондукторға 45 теңге берген. Ал кондуктор болса, оқушы анықтамасын сұраған. 

«Немерем Даниил анықтамасын жоғалтып алған. Бұл қылмыс емес қой. Оның орнына сол жердегі жолаушылардың бірі 45 теңге қосқан. Бірақ әлгі кондуктор тынышталмай, немеремді соңғы аялдамаға дейін түсірмей, жұлқылап, капюшонын жыртқан», - дейді әжей. 

Жолаушылардың бірі полиция шақыртыпты. Даниил өзін электрошокермен қорқытпақ болған құқық қорғаушының бірін тістеп алған. 

«Енді немеремді 10 жылға қаматамыз деп отыр. Автобуста болған куәгерлердің арасында Даниилді қорғайтындар бар», - дейді ол. 

Жергілікті полиция департаменті оқиғаны растап отыр. Алайда полицей электрошокер қолданбаған дейді олар. Сондай-ақ олар Даниилді танитындарын, оның психоневрология диспансерінде тіркеуде тұрғанын да жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары