$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде баланың басынан нұқып ұрған тәрбиешіге сот үкімі шықты

Ақтөбеде сабақ білмеген баланы ұрған тәрбиеші сотталды деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданындағы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі сабақ білмей, әріп танымай тұрған баланың басынан нұқып, ұрды. Бұл видео әлеуметтік желі арқылы тарап, қылмыстық іс қозғалған болатын. 

«Ақтөбе облыстық кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі ауданаралық сотында тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бабы бойынша үкім шықты. Іс материалдарына сүйенсек, 2018 жылдың 15 қараша күні «Айгөлек» балабақшасында әліпби үйретіп жатқан тәрбиеші 2013 жылы туған оқушыны ұрды. Сот отырысы кезінде сотталушы барлық кінәні мойындап, кешірім сұрады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот үкімімен тәрбиеші 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, 3 жылға педагогикалық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары