$ 449.58  486.94  4.86

Ақтауда такси жүргізушісі жолаушыны құрылыс алаңына апарып, 150 мың теңгесін тартып алған

9 наурыздан 10-на қараған түні 102 пультіне қала тұрғынынан шағым түскен. Ол өзін такси жүргізушісінің құрылыс алаңына апарып, 150 мың теңгесі мен ұялы телефонын тонап кеткенін айтып шағымданған деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Дәл сол такси жүргізушісі мен оның ағасы сол түні Өмірзақ ауылына такси ұстаған жолаушының 30 мың теңгесі мен Toyota Prado көлігінің кілтін тартып алған. 

Күдікті қамауға алынды. Қажетті дәлелдер жиналды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары