Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне-өзі қол жұмсады деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған. Сағат 12.30-да өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Марқұм сол ауылда колледж директоры болып жұмыс жасаған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қыз бала жетінші қабаттан секіріп кеткен болатын.