Алматы тұрғыны жоғалып кеткен 82 жастағы анасын дереу табуға себеп болған полиция департаментіне алғысын білдірді.
Әжей үйіндегілерге хабар бермей, бірнеше күн жоғалып кеткен. Бостандық аудандық полицейлерінің жедел іздестіру шарасы барысында қарияның Өзбекстанға билет алғаны белгілі болған.
«Үйінен кетпей тұрып қажылыққа барған әжей Өзбекстанда ақ киіммен жүрген. Жергілікті тұрғындар оған ерекше құрметпен қараған. Қарт ананың табылғанына балалары риза. Полицейлерге алғысын білдірді», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Дереккөз: NewTimes.kz