Синоптиктер 21-25 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады.
«Жауын-шашынсыз ауа райына байланысты антициклон біртіндеп әлсіреп, шығыс бағытта жылжиды. Оның орнына Өзбекстан мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен кей уақыттарда жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр күтіледі. Бірақ оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен күндізгі ауа температурасы республиканың басым облыстарында +3…+10 градусқа дейін, оңтүстікте +13…+18 градусқа дейін жоғарылайды, бұл көпжылдық орташа мәнге жуық және 3…5 градусқа жоғары болады», - деді «Қазгидромет» өкілдері.
Дереккөз: Tengrinews.kz