20.03.2019, 08:34

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдің лифт шахтасынан өрт шықты

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасынан өрт шықты деп жазады ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт 9 қабатты тұрғын үйден шыққан. Жұмыс істемейтін лифттің шахтасында қоқыс тұтанған. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 80 адам эвакуациялады. Соның ішінде 16 бала бар. Ешкім зардап шекпеді.

Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыған. Оның неден шыққаны анықталып жатыр.