$ 498.34  519.72  4.85

Қанат Сәдуовты 18 жылға қамау туралы сот шешімі шықты

Астанада әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуов 18 жылға бас бостандығынан айыру тыралы сот шешімі шықты. Алайда, қылмыскер сот шешімімен келіспейтінін тіпті, жоғарғы сотқа арызданбақ ойда екенін айтты деп хабарлайды КТКарнасы.

Ал көз жасына ерік беріп, соттан жылап шыққан марқұм Светлананың жақындары Қанат Сәдуов үшін бұл жаза тым аз деп отыр.

«Үкіммен қанағаттанбаймын. Бірақ  құдай сазайынын береді. Ол өзінің балаларын болашағынан айырды», – дейді марқұмның туысы Айгүл Дәрменова.

Бала демекші, Қанат Сәдуовтың 20 жастағы үлкен  ұлы Талғат та, қалған бауырлары да әкелерінің асқан қатігездігінен өздерін қоярға жер таппай ұялып жүр екен. Қанша жерден жақын болса да кешірмеуге бекінген.

Еске сала кетсек, жантүршігерлік оқиға мамыр айында болған еді. Астанадағы №25 мектепте қазақ тілінен сабақ берген әйелін Қанат Сәдуов сыртқа шығарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Денесінің 70 пайызын күйік шалған ұстаз ауруханада бір аптадай жатып, ақыры көз жұмды. Ал қылмыскердің өзі 4 ай бойы Астана шетінде орналасқан  туыстарының үйіндегі жертөледе тығылып жатқан жерінде ұсталған болатын.

Ал кеше, 28 қазанда сот Қанат Сәдуовты 18 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Айта кетейік қылмыскерді жасырған осы Қанат Сәдуовтың туыстары да жазадан қашып құтылмайды. Оларға қатысты тергеу енді басталмақ. Ал әкесінің кесірінен анасынан айырылып тұл жетім қалғандар Солтүстік Қазақстан облысында тұратын нағашыларының қамқорлығында қала  бермек. Енді олар қорқынышты түстей болған жағдайды тезірек ұмытуды ойлап  отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары