$ 445.66  474.58  4.78

Депутаттар жалақысын көтеруге қарсы емес

Мәжіліс депутаттары жалақыларының көтерілуіне кет әрі емес. Бірақ қаржылық дағдарысты ескерген олар «айлығымызға ақша қосылсын» деуге ұялатын сияқты. «Қазір мұны көтеретін кез емес» – деп отыр.

Мәселен, депутат Глеб Щегельский мәжілісмендердің жалақысы соңғы төрт жылдан бері көтерілмегенін айтып қалды. Бірақ өз басы жарты миллион жалақысына дән риза деп хабарлайды Астана арнасы.

«497 мың жетіп жатыр. Осында қырғыз депутаттары келген. Олардың жалақысы біздікінен 3-4 есе төмен екенін білдік. Сондықтан біздікі өзімізге жеткілікті», – дейді парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Глеб Щегельский.

Ал депутат Ерсұлтан Бектұрғановтың сөзінше, жалақы әлі көтерілмеген, бірақ өзіме жеткілікті дейді ол.

«Жалақы көтерілген жоқ. Сол бұрынғыша. Көтеру мәселелсін енді жаңа жылдан кейін қарау керек шығар. Қазір ол мәселе көтеріліп жатқан жоқ. Өзіме жалақым жетеді», – дейді парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов.

Жалақыны көтеру керек деп санайтындардың бірі депутат Серікжан Қанаев.

«Қазіргі уақытта қарағанда біздің депутаттарға жалақы көтерілген жоқ. Көтеру керек, бірақ қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мен ойлаймын ол сұрақты көтерудің қазір керегі жоқ», – дейді парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Серікжан Қанаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары