$ 498.34  519.72  4.85

Амангелді Смайылов Көкшетау қаласының әкімі боп тағайындалды

Бүгін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен және қалалық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Амангелдi Халауденұлы Смайылов Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амангелдi Халауденұлы Смайылов 1962 жылдың 9 желтоқсанында туған. 

Білімі жоғары, инженер-құрылысшы мамандығын игерген. 

Еңбек жолын 1979 жылы Александровский құс совхозында электромонтер ретiнде бастаған. 

1983-1988 жылдары аралығында  В.В.Куйбышев атындағы Сiбiр автомобиль-жол институтында білім алды. 

1988-1993 жылдар аралығында Омбы-Дәуiт карьер басқармасында, 1993-1998 жылдар арасында «Ритм» ЖШС, 1998-2005 жылдар аралығында «Реал НГП», 2006 жылы «СК Ауыл газ», 2011 жылы «ЕNKI» ЖШС-де басшылық қызметтерде болды. 

2014-2017 жылдары аралығында  Көкшетау қаласы әкiмiнің орынбасары, Ақмола облысы құрылыс басқарма басшысы лауазымдарын атқарды. 

2018 жылғы 8 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiнде болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары