$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 03.04.2019 сағат 04:58

«Дем салдырғанбыз»: Ақбота Сейітмағамбет өзіне дуа жасалғанын айтты

«КешYou» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбет өзін бір кездері әлдекімнің дуалағанын айтты. «7-арнадан» шығатын «Гу-гу-лет» бағдарламасына берген сұхбатында ол тылсым күштерге сенетінін мәлімдеді. 

«Дем салдырғанбыз»: Ақбота Сейітмағамбет өзіне дуа жасалғанын айтты

«Құдай сақтасын. Бірақ осы уақытқа дейін молдаларға барып, дем салдырғанбыз. Өйткені халықтың алдында жүргендіктен көз тиеді, тіл тиеді. Жүкті кезде біраз ауырдым. Ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ маған дуа жасалғанын да ескертіп айтты», - дейді әнші. 

Айта кетейік, Сейтмағамбет пен Айдарқұлов «Гламур для дур» фильмінен кейін бір-біріне ғашық боп, махаббат хикаясын бастан кешірген. Олардың ортақ некелерінен 1 ұл, 1 қыз бала бар. 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар