$ 494.87  520.65  4.91

«Анам да біледі»: тікелей эфирде бойжеткен пәктігін 2 млн теңгеге саудалады (ВИДЕО)

«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасында Айнұр Жәнібекова арын 2 млн теңгеге саудалады. Айтуынша, бұл соманың аз ғана бөлшегіне пәктігін қалпына келтіріп, қалғанына кәсіп ашуды ойлап жүр. 

Айнұрға бұл ойды құрбысы салыпты. 

«Барлықтарыңызға жат көрініп, «ұят» деп отырсыздар. Менің құрбым өз пәктігін 2 млн теңгеге сатты. Сосын қайта қалпына келтіріп алды. Қалған ақшасы қалтасында қалды. Сосын мен де ойлана бастадым», - дейді ол.

Бойжеткен тіпті, әлеуметтік желіге хабарландыру да беріп қойыпты. 

«Алғашында 1 млн теңге дедім. Кейін сұраныс көбейе бастаған соң 2 млн теңгеге көтердім. Сатқаннан кейін қайта жасатып аламын да, оқуымның ақшасын төлеп, қалғанына салон ашамын. 

Бұл жайлы анам да біледі. Ештеңе деген жоқ», - деген ол тұрмысқа шығу әзірге жоспарында жоқ екенін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары