$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстан жүк көліктерінің Қазақстанға кіруі тағы қиындай бастады

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы “Ақ-тілек автожол” өткізу пунктінде 140 шақты жүк көлігі жиналып қалған. Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасаған КирТАГ агенттігі 29 наурыз күні кешке қарай осындай ақпарат таратты деп жазады Азаттық.

Агенттік жазуынша, мұндай жағдай Қазақстан жағына өтейін деп тұрған көліктердің мұқият тексерілуіне байланысты туындап отыр. Мұнда Қазақстан жағына қарай сағатына шамамен 4-5 көлік өтіп жатыр. Ал өзге пунктерде мұндай кептеліс байқалмаған.

Қырғызстанның шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз тарабына қарай өтіп жатқан көліктерге мұндай шектеу қойылмаған, олар еркін өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары