$ 494.87  520.65  4.91

Өскемен әкімі «аулада ойнайтын жер жоқ» деп шағымданған баламен кездесті (ВИДЕО)

Кеше ғана барлық бұқаралық ақпарат құралдарында өскемендік балақайдың түсірген бейнежазбасы жарияланған еді. Досжан есімді бала үйінің ауласындағы балалар алаңының күйін айтып, биліктегілерге назын білдірген. Сол балақаймен бүгін қала әкімі Жақсылық Омар кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Шаһар басшысы Досжан Дулатұлына белсенді азаматтық позиция танытқаны үшін алғыс білдіріп, оның әрекеті қаланың ересек тұрғындары үшін үлгі болатынын айтып өтті.

«Қазір қалада мыңдаған аула бар. Олардың көбіне 40 жылдай уақыт жөндеу жүргізілмеген. Мәселені кешенді шешу үшін облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «Менің аулам» бағдарламасы жүзеге асырылуда. ПИК өтініш берген барлық аула бюджет есебінен толықтай жөнделетін болады. Өкінішке орай, дәл осы аула өткен жылы өтінішті дұрыс бермеген екен, соның салдарынан аула жөнделетіндердің тізіліміне кірмей қалған», - деді Жақсылық Омар.

Мамандардың айтуынша, мекеме бағдарлама аясында ауланы жөндеуге өтініш жасаған. Бірақ құжаттар дұрыс әзірленбегендіктен, өтініш қабылданбады. ПИК-тің жұмысы қанағаттандырмайтынын тұрғындар да растап отыр. Ал кооперативтің төрағасы бұл кездесуге келмей қойған екен.

Қала әкімі тұрғын үй жағдайын сақтау мен жақсарту үшін тұрғындардың белсенді қатысуы қажет екенін ескертті. Себебі ПИК қызметін тұрғындардың өздері ғана бақылай алады.

Ал Досжанның айтқан назына келер болсақ, Жақсылық Омар 2019 жылы жөнделуге тиіс аулалардың тізімі бекітіліп қойғанын айтты. Алайда баланың көңілін қалырмай, белсенділігіне қолдау көрсету үшін қала бюджетінен үнемделген қаражат есебіне ауланы жөндетуге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары