Жаңалықтар 15.04.2019 сағат 11:32

«Ғашықтар күнінде» 187 жұп ажырасты

15 сәуір «Ғашықтар күнінде» 187 жұп ажырасып, 849 жұп шаңырақ көтерген. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Меруерт Амантайқызы хабарлайды. 

«Ғашықтар күнінде» 187 жұп ажырасты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ғашықтар күнін ерекше мереке ретінде атап өтетін жастардың қатары көбейген. 

«Бұл күнді некелесіп, жүзік алмасып, серттескен күніміз деп белгілеуді де естен шығармаған 849 жұп бүгін өз алдына шаңырақ көтерді. Бұл көрсеткіш басқа күндермен салыстырғанда әлде қайда жоғары, – деп хабарлайды  Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Меруерт Амантайқызы. 

Ал жұлдызы жараспаған 187 жұп бүгін ажырасып, бақытының бағытын өзгертті. Бұл күн сайынғы көрсеткіштпен бірдей екен. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар