11 сәуір күні Атбасар ауданы Мариновка ауылында сенбілікке шыққан 8-сынып оқушысы қайтыс болды деп жазады Көкшетау Азия.
Оқушыны тоқ ұрған. Алайда қалай болғаны белгісіз. Белгілісі оқиға қазақ орта мектебінің жанында сенбілік кезінде болған.
Ұл бала ата-атасының жалғызы екен. Анасы көп жылдан бері мектепте мұғалім боп қызмет атқарып келген.
Оқиғаның неден болғанын полицейлер тексеріп жатыр. Мектеп басшылығынан түсінік алынды.