Түркістан облысында 3 қызын әбден азаптаған әйел ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Аталған істі Облыс прокуроры өз бақылауына алды. Бүгін күдікті азаматшаға қатысты шектеу шаралары қолданылады», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Ал Білім және ғылым министрлігі тек өгей шешелерін ғана емес, әкелерін де ата-құқығынан айыру мәселесі шешіліп жатқанын айтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде өгеш шешелері 3 қызының тырнақтарының астына ине тығып, әбден қорлық көрсеткені жайлы ақпарат тарап кеткен болатын.