Данияр Ақышев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Данияр Ақышевты Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» жарлық:
«Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалсын».
Еске салсақ, 2 қарашада сенат Қазақстан Ұлттық банкі басшысын тағайындау мәселесін қарастырған болатын.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа Данияр Ақышевті Ұлттық банк басшысы етіп тағайындау туралы өтініш білдірген. Сенат бұл өтінішті қабылдады.