$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан теңге курсын юаньға байлауы мүмкін

Егер юань жаңа резервтік валюта мәртебесіне ие болатын болса, Қазақстан теңге курсын қытай валютасына байлауы мүмкін. Мұндай пікірді «Ай Ти Инвест» инвестициялық компаниясының сарапшысы Павел Дерябин мәлімдеді деп хабарлайды LS

Қытай юанына қатысты сенім артып келеді. Осыған байланысты юаньның Халықаралық валюта қорының қоржынына қосылуы әбден мүмкін.

«Теңге курсын қытай валютасына байлау жаман ой емес. Оның үсіне екі ел арасындағы сауда айналымы юань арқылы жүзеге асырылады. Әзірге Қазақстанның негізгі сауда серіктесі Ресей болып отыр. Ресей рублі де доллар курсына қатысты анықталуда. Бірақ бәрі өзгеруі мүмкін. Рубль бағамы юань курсына байланысты болуы ғажап емес. Соңында бұл бұрынғы стратегиялық одақтас, әрі серіктес елдер Қазақстан мен Ресейдің өзара есебіне әсер етеді», — деді Павел Дерябин.

Оның мәлімдеуінше, Қытайдың жалпы ішкі өнімінің көлемі жылына 7%-ға артып, жылдам өсіп келеді. Бұл кейбір есепке сәйкес, АҚШ ЖІӨ-нің көрсеткішінен асып отыр деген сөз.

Сондай-ақ, сарапшының сөзінше, инвесторлар доллар мен еуроға бағдар жасағандай, юаньға толық бағдар жасамайды.

«Инвесторлар мен сауда серіктестері үшін істі түрлі валютамен шешкен ыңғайлы. Оның ұстіне юань курсы нығая түссе, өз қаржыларын осы курспен сақтағандар үшін тиімді болады», — деді сарапшы.

«Финам» инвестициялық холдингінің сарапшысы Богдан Зваричтың сөзінше, қытай юаны жыл сайын әлем саудасы мен инвестиция саласында кең таралып келеді. Биылғы жылы қытай юанымен жасалған төлем үлесі әлемде 2,79%-ға артқан. Осылайша юань жапон иенін қуып жетті. Ал бұл көрсеткіш былтырғы жылы 1,5%-ға тең болған еді.

«Мұндай өсім Қытайдың есеп аударымдарын юаньмен жүргізуімен байланысты және танымал инвестиция құрылғыларының бағасы юаньмен белгіленуінде болып отыр. Осы арқылы экспорттық потенциалдар көрші мемлекеттер үшін тиімді болып, тауар  саудасын доллар мен емес юаньмен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен ҚХР, Гонконг, Оңтүстік Корея елдері арасындағы төлем үлесі 3 есеге өсті. Егер осыны есепке алар болсақ, юань резервтік валюта атануға дайын», — деді Богдан Заварич.

Standard & Poor’s «Мемлекеттік қаржы» тобы директорының орынбасары Карен Вартапетов өз кезегінде қытай юаньының Халықаралық валюта қорына қосылуын әзірге болжау қиын екенін айтты. Сондай-ақ, ол әлемдік тауар операциясында қытай валютасының соңғы он жылда жылдам өскеніне (2%-дан аса)назар аударды.

«Юаньнның рөлі артқанмен, доллар мен еуродан бұрынғысынша қалып келеді. Экспорт пен экономика көлемі, резервтік валюта мәртебесі мемлекет институттары мен нарыққа қатысушылардың сеніміне байланысты болады. Ал юань осы талаптарды әлі де қанағатттандыра алмайды», — деді Карен Вартапетов.

Еске салайық, Қазақстан Қор биржасында юаньмен сауда жүргізу бір жыл бұрын қолға алынды. Осы уақыт аралығында қытай валютасына қатысты 265 келісім жасалып,   1,39 млрд теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары