$ 494.87  520.65  4.91

Автокөлігімен әуежайға шығып, жоғалып кеткен түрік азаматы табылды

Түркістан облысының полицейлері автокөлігімен әуежайға шығып, жоғалып кеткен түрік азаматын тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бәйдібек АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны, белгілі құрылыс фирмасының жұмысшысы арызданған. Ол өз арызында, қызметтесі Түркия мемлекетінің азаматы Топал Ибрахим Митцубиси маркалы автокөлігімен Шымкент қаласына әуежайға барып келемін деп,  сол бойда із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.

«Жоғалған азаматты табу мақсатында Бәйдібек АПБ-нің жеке құрам жедел іске кірісті. Полиция қызметкерлерімен арнайы іздестіру іс-шараларын дер кезінде ұйымдастыру нәтижесінде, Түркия мемлекетінің азаматы, 1983 жылы Т.Ибрахим табылып, туыстарына табысталған. Жеделдетілген жұмыстың арқасында табылған шетелдік азаматтың, қайтар жолды таба алмай адасқаны анықталған», – деп жазылған хабаламада.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары