$ 494.87  520.65  4.91

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көбейту жеделдетілді: дәрігерлер бұл жаңалықтың тиімді тұстарын айтты (ФОТО)

Қостанай облысының Первомайск ауылының 27 жасар дәрігері Алекстандра Филиппова жалақысының 30 пайызға дейін көтерілгенін асыға күтіп жүр. Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айынан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақасын көбейтуді тапсырған болатын. Ал Алекстандра бұл жаңалықтың тек жеке басына ғана тиімді болмайтындығын алға тартады. 

Александра мемлекетке сенім артып, бірақ қол қусырып отыруға болмайды деген пікірде. Ол небәрі 27 жасында жас дәрігер Первомайск ауылының дәрігерлік амбулаториясын басқарып отыр. Мұндай мансаптық жетістікке жету үшін құлшыныс пен тынымсыз еңбек ету қажет. Александыра  2016 жылы Қарағанды медициналық университетінің "Жалпы дәрігерлік тәжірибие» мамандығы бойынша тәмамдап, сол жылы қалалық 4-емханаға тәжірибиесын шыңдайды.  Бірнеше айдан кейін ол жеке медициналық орталыққа жұмысқа шақырту алады. 

Арада екі жыл өткенннен кейін Александра бала күтіміне байланысты демалыс алып, Первомайск ауылына келді. Ал мұнда жас маманға дәрігерлік амбулаторияға жетекшілік ету бойынша  ұсыныс жасалған екен. Ол бұл ұсынысқа көп ойланбастан бірден келісімін берді. Себебі осылайша Александра кәсібилігі мен біліктілігін арттыруға жол ашылатынын түсінді. 

 Жас маманның білек сыбана қызметке кірісуімен амбулаторияның жұмысы жандана түсті. Дәрігердің қабылдауына Первомайск ауылдық округіне қатысты бөлімдегі 2620 адам жазылып, денсаулығына қатысты кеңес алып тұрады. Первомайск дәрігерлік амбулаториясы Меңдіқара ауданының ауруханасына қарайды, ол 2015 жылы пайдалануға берілген. Аталған амбулатория соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған.

Мұнда скринингтік тексерілу жүргізіліп, денсаулықты басқару бағдарламасы бойынша науқастар қабылданады. «Ауылдық тұрғындардың өз денсаулығына немқұрайлы қарайтындығына қапаланамын. Қалалықтар керісінше бәрін жіті қадағалап отарады. Сондықтан біз тұрғындармен тығыз байланыс жасап, денсаулықтарын күтуге шақырамыз». Жұмысты жақсы атқаруға білім де, тәжірибие де, тіпті материалдық ынталандыру да жетеді, бұл президенттің маусым айынан бастап жалақыны көтеруімен байланысты екенін айтады дәрігер.

Александраның ай сайынғы «жаңа» табысы   енді 200 мың теңгені құрайтын болады. Бірақ жас маман тек табысының артатындығына ғана емес, қатарға қосылар мамандардың да көбейетіндігіне қуанады. Себебі ол Меңдіқара аудандық ауруханасына қазіргі кезде офтальмолог, педиатр, дерматовенеролог, инфекционист мамандары жетіспейді дегенді алға тартады. 

«Назарбаевтың бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты тапсырмасы қолдау тауып, Қасым-Жомарт Тоқаев оның орындалу мерзімін тездетті. Бұл қуанарлық жаңалық, бірақ жалақының артуымен біздің жауапкершілігіміз де еселене түсуі керек. Енді шағым келтіре бермей, жақсы жұмыс жасауымыз қажет деп түсінемін» дейді өз жаласының білгір маманы Александра Филлипова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары