23.04.2019, 06:37

Нұрлан Ноғаев: «Қасым-Жомарт Тоқаев елбасымыздың стратегиялық бастамаларын жалғастыратынына сенеміз»

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымыздың стратегиялық бастамаларын жалғастыратынына сенеміз. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осындай пікір айтты.

Ол елбасыға «Президенттік өкілеттігіңізді тоқтату жөніндегі шешіміңізді атыраулықтар алғашқы сәтте алаңдаушылықпен қабылдағаны рас» дей келе, кейін халықтың бойындағы толқу сезімінің сейілгенін жеткізді.

«Құрметті елбасы! Қасым-Жомарт Кемелұлы – өзіңіздің сенімді көмекшіңіз, сенімді үзеңгілесіңіз. Әлемдік саясаттың  ауа райын жақсы түсінетін, ел мүддесі үшін қажет шешім қабылдай алатын саясаткер ретінде дүниежүзіне танымал тұлға екенін өзіңіз атап өттіңіз. Кәсіби біліктілігімен, әр саладағы тәжірибесімен, адалдығы және адамгершілігімен танымал Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасымыздың стратегиялық бастамаларын жалғастырып, халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына, еліміздің дамуына бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз», – Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, сьезде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке «Nur Otan» партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын айтқан болатын.