03.11.2015, 05:31

«Метродағы үздік селфи» байқауы басталды

Алматы метрополитені «Метродағы үздік селфи» байқауының басталғанын жариялады. Байқауға кез келген азамат қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін: вагонда, станцияда немесе метроның кіреберісінде суретке түсіп, kag@metroalmaty.kz электронды поштасына жіберу қажет. Суреттер www.metroalmaty.kz сайтының «фотоконкурс» бөлімінде орналастырылады. Үздік суреттің авторы «Метрополитен» ҚМК тағайындаған сыйлыққа ие болады.

Байқау 2015 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.