03.11.2015, 11:33

Жаңаөзенде жүкті әйел әкімдік ғимаратының алдында өз қарнына пышақ сұғып алды

yvision.kz

Жаңаөзенде жүкті әйел әкімдік ғимаратының алдында өз қарнына пышақ сұғып алды, - деп хабарлайды "Лада" Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 қараша күні сағат 10 шамасында болды. Полицияның мәліметінше, 1987 жылғы әйел орташа күйде мас болған. Әйел қала билігінен өзіне баспана беруді талап етеді. Баспананың берілмейтінін білген ол өзіне пышақ тығып алған. Жәбірленуші Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Жедел тәртіппен оқиға болған жерге полиция келіп жетті. Олар 1987 жылғы әйелді орташа мас күйінде ұстады. Әйел бұл әрекетке баспаналы болу үшін барғанын айтты. Қазіргі уақытта ол Жаңаөзен қалалық ауруханасында жатыр. Оның жүктіліктің 4-5-ші аптасында екені анықталды», - деп хабарлады Тумба.

ІІД азаматшаның бұған дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Айта кетейік, әйелдің төрт баласы бар, ол еш жерде жұмыс істемейді.