03.11.2015, 12:02

Атырау-Алматы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Атырау-Алматы жолаушылар пойызының вагондарының бірінен түтін шықты, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Үшінші қараша 12.10-да №41 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының вагондарының бірінен түтін шықты», — делінген хабарламада.

Төтенше оқиға темір жолдың Атырау бөлімшесінде орын алды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Жолаушылар басқа вагондардағы бос орындарға орналасып, пойыз одан ары өз бағытымен аттанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз Алматыға белгіленген қозғалыс кестесі бойынша келеді. Вагонның түтіндеу себебі анықталуда», — деп атап көрсетілген хабарламада.