04.11.2015, 09:49

Айырбас пункттерінде доллар бағамы 287 теңгеге дейін өсті

Астана мен Алматының айырбас пункттерінде доллар бағамы  287 теңгеге дейін өсті, деп хабарланды kurs.kz сайтында.

Астананың айырбас пункттерінде долларды шамамен  286-286,2 теңгеден сатып алып, 287,2 -288 теңгеден сатып жатыр.

Алматының айырбас пункттерінде долларды шамамен  285-285,7 теңгеден сатып алып, 287-287,7 теңгеден сатуда.