$ 494.87  520.65  4.91

«Жобасы бұттан әрі аспайды екен»: Әнші Ысқақовадан кейін продюсермен сүйіскен журналист жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Бұған дейін отбасылы әнші Жеңіс Ысқақовамен сүйіскен журналист Мұхит Сапарбаев продюсер Әнел Ариноваға келгенде де өзін ұстай алмай қалмады. Желі қолданушылары тележүргізушінің «Oybay Show» атты бұл жобасы бұттың тақырыбынан әры аспайды деп сынап жатыр.

Бұған дейін Сапарбаевтың «Қазақ жұлдыздарының іш киімі қанша тұрады?» деген тақырыптағы бағдарламасы жайлы жазған болатынбыз. Дәл осы блиц-сауалда журналист продюсер Әнел Ариновамен сүйіседі. 

Желі қолданушылары олардың бұл әрекетін барып тұрған бассыздық деп жатыр. 

«Осы бағдарламаны құрту керек. Намысы жоқ қатындар деме», «Басқа тақырып таппадыңдар ма?», «Ұятсыз-ау, еркектің ерніне өзің жабысуға ұялмайсың ба», «Осы Сапарбаевтың жобасы бұттан әрі аспайды екен», – деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары