$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысы ҚХА «Білім берудегі Медиация – дау жанжалсыз орта құру жолы» пилоттық жобасын іске асыруды бастады

Қазіргі жаңашыл қоғамда, бірде-бір мемлекет жаһандану үрдісінен тыс қалмасы анық. Ал,​ даму бар жерде медиация институты да үлкен өзектілікке ие болады.

Осы ретте Қазақстан халқы Асамблеясының XXVII сессиясы қарсаңында, Достық үйінде «Білім берудегі Медиация –дау жанжалсыз орта құру жолы» пилоттық жобасын іске асыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның серіктестері: Қарағанды облысының білім басқармасы, «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығы мен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.

Дөңгелек үстелге кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің медиация мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар, Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.

Бұл пилоттық жоба білім беру ұйымдарында жанжалды жағдайларды азайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, даулы жағдайларға қатысушыларды әлеуметтік оңалту мақсатында 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылған болатын. Осы ретте 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында ТжКБ ұйымдарын қоса алғанда, Қарағанды облысының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, білім беру ұйымдарының сынып басшылары оқытылды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап кәсіби медиаторлар мәртебесін алған педагогтар өз аймақтарындағы ұстаздарға каскадтық оқытуды өткізуге кірісті. Сонымен қатар Қарағанды облысының 23 пилоттық білім беру ұйымдарында педагог - кәсіби медиаторлар жұмыс атқаратын мектеп медиациялары құрылды.

​Медиация бойынша PhD, «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығының директоры Гүлмира Нарбаева​ қатысушыларға медиативтік құзыреттер бойынша семинарлар бағдарламаларының жинағын ұсынды. Бұл жинақтың өзектілігі оқырманға медиативтік техникаларды және мектептер мен колледждерге арналған жанжалдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерудді үйретеді.

​Басқосудың​ соңы Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-ның халықаралық медиация және құқық орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюымен аяқталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары