$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде жаяу жүргіншілер жолағында ер адам есінен танып қалды

Өткен апта соңында Өскемен қаласының тұрғыны жаяу жүргіншілер жолында ер адам өзін жайсыз сезініп, есінен танып, құлап қалды, деп хабарлайды ШҚО жол полициясының баспасөз қызметі. 

Оқиға болған сәтте сол маңда жүрген жол-патрульдік полициясы есінен танған ер адамға алғашқы көмек көрсеткен. Олар ер азаматтың қарысқан жағын ашып, тілін тартып, бетіне салқын су сепкен. 

Жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше 40-45 жас шамасындағы тұрғын есін жиып үлгерді. Осылайша тәртіп сақшыларының алғашқы көмекті дер кезінде көрсеткенінің нәтижесінде бір адам өлімнен аман қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары