$ 494.87  520.65  4.91

Индонезия астанасын көшірмек

Индонезия астанасын Ява аралынан көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BBC Russian.

Қаладағы кептелістің салдарынан, мемлекет шенеуніктері астананы басқа аралға көшіруді жөн санады.

Әзірге Индонезия астанасының елдің қай өңіріне көшірілетіні анық емес. Алайда БАҚ өкілдерінің пайымдауларынша Борнео аралындағы Палангкарайя қаласы жаңа астана болмақ.

17 сәуірде президент сайлауындағы жеңісінен кейін Джоко Видодо ел астанасын Джакартадан басқа қалаға ауыстыруды ұсынған. Алайда шенеуніктердің дауыстарын жинау барысында 200-ден астам  қызметкерлер қатты шаршағаннан көз жұмған.

Президенттің ұсынысына дейін халық ішінде ел астанасын ауыстыру жайлы   бірнеше рет айтылып жүрген. Себебі, қала ішіндегі көлік кептелісі халықты шаршатып жіберді. Статистиканың мәліметінше, әлемдегі көлік кептелісінің ең танымал жері Джакартада. Сонымен қатар, жоспарлау министрінің айтуынша, мемлекет тарапынан жыл сайын кептеліске 100 трлн рупий жұмсалады. 

Ал, ғалымдардың хабарлауынша Джакарта қаласы 2050 жылы жер астына кетіп қалуы әбден ықтимал. Себебі, қала батпақты аймақта орналасқан. Соңғы 10 жылда Индонезия астанасы 2,5 метрге жер қыртысынан төмендеп кетті. 

Алайда, министрдің сөзіне сүйенсек, мемлекеттің астанасын ауыстыру шамамен 10 жылдай уақытты қамтуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары