$ 442.05  474.14  4.74

Жұмыс сапарымен Алматы қаласына барған Тоқаев көпбалалы аналармен кездесуді жоспарлап отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

«Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Алматы қаласына келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесулері жоспарланған», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары