Youtube-тың Toqayev Team арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек жолына қатысты кезектегі видеосы жарияланды.
Роликте мемлекет басшынының қызметтік сатысы туралы сирек кездесетін суреттер топтастырылған.
Ескі суреттерден басқа мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерін байқауға болады. Оның арасында кубалық ревалюционер Фидель Кастро, АҚШ президенті кіші Джордж Буш, БҰҰ бас хатшысы Кофи Анан бар.
Тоқаев 1992 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне, ал 1994 жылы ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
1999 жылдың қазан айында ол ҚР Президентінің жарлығы бойынша Парламент келісімімен Премьер Министр қызметіне тағайындалды. Бірнеше жылдан кейін, дәлірек айтқанда 2002 жылдың қаңтар айында ҚР Мемлекет хатшысы, Сыртқы істер Министрі қызметіне тағайындалды. Бұл қызметте ол ядролық қару таратпауға байланысты белсенділік танытты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев 2007 жылдың қаңтар айында ҚР Парламентінің Сенат төрағасы болып сайланса, 2011 жылдың наурыз айында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметіне ауысты. Ол Фидель Кастромен жүздесіп, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп мемлекеттің маңызды істерін талқылаған. 2013 жылдың 16 қазанында ҚР Парламентінің Сенат төрағасы болып сайланып, 2019 жылдың 20 наурызында ҚР Президенті ретінде ант қабылдады», – делінген роликте.