Алексей Полторанин шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрама сапына ілікпеді. Бұл туралы команда басшылығы ұлттық құраманың жаңа құрамын бекіткеннен кейін белгілі болды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Алексей Полторанинмен қатар, Қазақстан командасынан тағы 5 спортшы қатыспайтын болды. Жалпы ұлттық құрама 15 адамға дейін қысқартылды.
Жаңа маусымда ерлерден – 9, ал әйелдерден 6 спортшы халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын болады.
Николай Чеботконың командадан кетіп қалуының себебі, спорттық мансабын аяқтауына байланысты болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Алексей Полтаранин допинг дауына іліккен болатын. Алайда, кейінірек сарапшылар қазақстандық шаңғышы допинг қолданды деген ақпаратты жоққа шығарды.