$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық азамат: «Барлығы мені гей деп ойлайды»

Кеншілер қаласының тұрғыны нәзік дауысына байланысты болашақ жарын таба алмай жүр. Оның үстіне, құрдастары үнемі оны мазақтайды екен. Осыған байланысты өзге елге көшу деген ой жас жігітті күннен-күнге мазалауда, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен қарапайым отбасыдан шыққан жігітпін. Қазір мен университетте соңғы курста оқып жүрмін. Өмірімдегі басты мәселе болып отырған жағдай — бірде-бір қыз менімен жақындасқысы келмейді. Себебі менің даусым қыздардың даусынан еш айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар, бірге оқитын жас жігіттер мені «гей» деп мазақ қылады», - деді Талғат есімді жас жігіт.

Балалық шағында Талғат мұндай мәселеге шалдыққан емес. Бала дауысы балдай болатын. Алайда араға уақыт салып Талғаттың дауысы өзгере бастады. 13 жасында бірге оқып жүрген сыныптастары «қызтеке» деп мазақтап жүретін.

«Мұндай мазақтарға қарсы мен ешнәрсе істей алмадым. Жігіттік мінезді танытпадым. Ұят болды. Егер мен бәрін әу бастан қолға алғанымда, қазір көптеген мәселелерден аулақ болар едім», - деді жігіт.

Қатарластарынан үнемі жанына бататын сөздерді естіген сайын, Талғат өзін «ұйқыраған үйрек» сияқты сезінеді. Ол сыныптастармен немесе қыздармен жақын қарым-қатынасқа бара алмайды. Тіпті жұбайын табуды армандай алмайтын болды.

«Бірінші курста бір қызбен жақынырақ танысқым келді. Бірақ ол қыз мұндай қатынасқа баруды жөн санамады. Десек те, мен қыз балалармен қазір жақындасып алдым. Олар маған өздерінің құпияларын, жігіттер туралы әңгімелерімен бөлісіп отырады. Бірақ бір өкініштісі, олар мені жігіт ретінде санамайды. Амал нешік?! Бірақ қыздар менің жалғыз досым, сондықтан олармен жанжалдасқым келмейді», - деді қарағандылық жігіт.

Ол қатарластарына өзінің гей емес екенін, қарапайым жігіт екенін қанша түсіндіргісі келсе де таныстары оны мазақтауды тоқтатпапты. Тіпті, төбелеске де барған кездерім болды дейді ол. Алайда, көзі көгеріп, ешкімге ешнәрсе дәлелдей алмаған.

«Әкем ерте ме, кеш пе осындай жағдай болатын сезген. Ал, анам менің дауысым әлі де өзгеретініне сенімді. Бірақ менің жасым 20-да және дауысым өзгереді дегенге сенбеймін. Не істеу керек екендігін білмеймін. Кейде мені шет елге кету ойы жиі мазалайды. Бірақ, кез келген адам құрметке лайық. Көпшілік мұны түсіне бермейді», - деді студент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары