Қостанайда №20 мектептің 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсап қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Мұғалімдер оқушының сабақ үлгерімінің жақсы болғанын айтады.