$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінің істен шыққанын айтып шағымдануда

Елімізде Telegram-мессенджері дұрыс жұмыс істемеуде. Осыған байланысты Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа қалалардың Интернет пайдаланушылары наразылықтарын танытып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, мессенджер 1 мамырдан бастап істен шыққан. Басқа ұқсас қосымшалар мен әлеуметтік желілер қалыпты түрде жұмыс істеуде.

«YEDILOV ONLINE» телеграм каналының авторы Ербол Еділовтың айтуынша, бұл проблема жақын күндері шешіліп, мессенджер қайта жұмыс істеуі тиіс. 

«Тelegram қолданушылары VPN немесе proxi арқылы онлайн режимде отыра алады, менің ойымша, қазақстандықтар осы әдісті қолдана отырып, жұмыстарын жалғастыра береді, - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары