$ 496  588.01  6.42

Қызылорда балабақшасында 83 бала таңғы ассыз қалды (ВИДЕО)

Бірнеше күн бұрын Facebook әлеуметтік парақшасының қолданушысы  Қызылорда облысындағы «Ералаш» балабақшасына қатысты видео жариялады. 

Кадрдан балабақшаның асханасын көруге болады. Видеоға түсірген ата-ананың бірі «Сағат қазір 10 болды. Таңғы ас неліктен бермегенсіздер? Ас мәзірі неге ескі?» дейді. Оның сауалына балабақша аспазы «Маған таңғы асты дайындауға міне 3000 теңгені жаңа берді. Азық-түлік алынбаған. Мен қазір үлгермеймін тамақ әзірлеп. Бұған дейін де осындай жағдай болған», – деп жауап береді.  

Ал Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы оқиғаны растап, балабақша жұмысын бақылауға алынатынын айтты. Сондай-ақ ол оқиғаның мән-жайы жайлы алдағы уақытта хабардар ететінін жекізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0