Елордада медицина қызметкерлерінің жалақылары өспек, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған №10 қалалық емхана мысалында медицина саласының сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмысының барысын тексерді.
Емхананың бас дәрігері Ғ. Алпысбекованың хабарлауынша, цифрландырудың нәтижесінде кезекте тұратын адамдардың саны 60%-ға азайған.
Жалпы алғанда, медициналық қызмет көрсету бойынша тұрғындар үшін биыл Нұр-Сұлтанда 11 қосымша медициналық ұйымның ашылуы жоспарлануда.
Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлі Елжан Біртанов Ельбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жобасы аясында 1 маусымнан бастап елордалық дәрігерлердің жалақысын - 224 мың теңгеге ал, медбикелердікін 163 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын хабарлады.