$ 494.87  520.65  4.91

Елордада өгей әкесі 7 жасар ұлын сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды

Нұр-Сұлтан қаласында полиция қызметкерлері 7 жасар баланың соққыға жығылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Баланы өгей әкесі ұрды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне кәмелет жасқа толмаған бала жеткізілген. Ол түрлі жарақат алып, денесі көгерген екен.

Артынша аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында 7 жасар баланың анасы және өгей әкесімен бірге тұрғаны анықталыпты. 

Тергеушілер жан-жақты тергеу жүргізіп, тиісті сараптамалардың нәтижесіне сүйеніп, баланы анасының азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан деген тұжырымға келді. 

Баланың сөзінше, анасы үйде болмаған кезде өгей әкесі өзін ұрып-соғыпты. Кейде жаза ретінде оны түнімен ұйықтатпай, таңға дейін көбейту кестесін жаттауға мәжбүрлеген. 7 жасар бала тұрмыстық зорлық-зомбылықты жиі көріп келген.

Полицейлер куәгерлердің жауабын негізге алып, сонымен қатар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп, ер адамды күдікті деп тапты. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. 

Қазіргі уақытта аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары