$ 494.87  520.65  4.91

iKomek орталығында өтініштердің 11 пайызы электронды форматқа ауысқан

Нұр-Сұлтан қаласындағы iKomek бақылау және жедел әрекет ету орталығында жергілікті атқарушы органдардың барлық өңірлердегі өкілдері бас қосты. Жиын барысында iKomek орталығының басшысы Жаннат Дүбірова бір айдың ішінде өтініштердің цифрлық форматқа ауысуы 11%-ға жеткендігін мәлімдеді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашық кедергiсіз кеңістікте бір терезе қағидасы бойынша, халыққа қызмет көрсету жүйесін енгiзу тапсырылған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында iKomek бақылау және жедел әрекет ету орталығы ашылды. Орталық 2018 жылдың басынан бері қызмет етіп келеді.

«iKomek орталығына өткен жылдың басында миллионнан астам өтініш келіп түскен. Оның 77 пайызы «бірінші қоңыраудан-ақ» өз шешімін тапқан болатын. Ал, 2019 жылдың басынан бері 570 мың талап-арыз тіркелді. Елорда тұрғындарына қызмет көрсететін 17 әкімдік басқармасы, 33 коммуналдық және авариялық қызметтер, 81 лифт шаруашылығы, 605 ПИК пен 13 мемлекеттік медициналық мекеме қазір «109» нөміріне өзгертілді. Талып-арыздардың басым бөлігі, яғни 74%-ы 109 телефон нөмірі арқылы келіп түскен. Дегенмен, бір ай бұрын бұл пайыздық көрсеткіш 85%-ға жетіп отыр. Енді біз 4 наурыздан бастап өтініштерді +77471090109 (whatsapp) нөмірі арқылы да қабылдайтын боламыз. Бір ай ішінде біз өтініштердің цифрлық форматқа ауысуын 11%-ға жеткіздік. Бұған дейін өтініштер телеграм, әкімдік сайты, мобильді қосымша арқылы қабылданып келді», – деді iKomek орталығының басшысы.

Сонымен қатар, орталықта стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтінішімен жұмыс iстеу, қаланың жүйелік және басқару мәселелері толығымен цифрландырылған. Аталған қызметтер бойынша онлайн түрде мониторинг жүргізіледі.

«Қала дамуы мен қалалық сервистердің стратегиялық KPIs үш деңгейлі жүйеге негізделген. Әр нәтиже әкім орынбасары мен басқарма басшысына бекітіледі. Бұдан бұрын тиімділік көрсеткіштері жылына бір рет бағаланып, мәліметтерді жинақтау және есептеу көп жұмысты қажет ететін. Ал, қазір мұндай мәселелер автоматты түрде саналады. Сондай-ақ, ақпараттар Статистика мен Жоба кеңсесінен алынады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің аппарат мәжілістеріндегі есептер азаматтардың өтініштері бойынша, қаланың жүйелі мәселелеріне сәйкес, қатаң түрде тыңдалады», – дейді Жаннат Дүбірова.

Бүгінде iKomek орталығы елорданың тыныс-тіршілігіне мониторинг жасап, талдау жүргізілуін үйлестіруші құрал ретінде қызмет етіп келеді. Бұл орталық қаладағы түйінді мәселелерді уақытылы шешу мақсатында ауқымды жұмыстар атқауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары