$ 494.87  520.65  4.91

ҰОС ардагерлері Жеңіс күні қанша ақша алатыны белгілі болды

Жеңіс күніне орай мемлекет тарапынан 500 мың теңге және одан да үлкен сома Нұр-Сұлтан қаласы және ШҚО, Ақмола және Павлодар облыстарының ардагерлеріне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1 мамырдағы мәлімет бойынша соғысқа тікелей қатысқан 1 425 майдангер тұрады (оның ішінде мүгедектер де бар). Сондай-ақ, Ленинград қоршауында болғандар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары секілді 87 мыңнан астам ҰОС ардагері бар. 

Ең үлкен соманы ШҚО-да тұратын ардагерлер 542 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында - 519 мың теңге, Ақмола және Павлодар облыстарында - шамамен 500 мың теңге алады. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлем 300 мың теңге. 

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында шамамен 250 мың теңге беріледі. Қызылорда облысында 202 мың теңге, Қостанай және Жамбыл облыстарында 150 мың теңгеден бөлінеді. 

Сонымен қатар, министрлік 2019 жылы ҰОС қатысушысына және әрбір мүгедекке кем дегенде 300 мың теңге төлеуге кеңес берді. Министрлігтің айтуынша, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - жалпы сомасы 3,4 млн теңгеге 69 адам, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына (283 адам - 14,5 млн теңге), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайларына (4 179 адам - 79,1 млн. теңге), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлеріне (364 адам - 11,5 млн теңге), тыл еңбеккерлеріне (67 479 адам - 1,3 млрд теңге) және ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген басқа азаматтарға (15 066 адам-676 млн теңге) түрлі біржолғы төлемдер тиесілі.

Бұдан басқа, ҰОС мүгедектерін бірінші кезекте шипажай-курорттық емдеумен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, протездеу бойынша медициналық қызметтермен, сурдоқұралдармен және басқа да компенсаторлық қосалқы құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда. 

Естеріңізге сала кетейік, Жеңістің 74 жылдығына орай  88 862 ҰОС ардагеріне 2,6 млрд теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жеңіс #ҰОС