$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтанда автобус өртенді

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді. Көлік жүргізушісі түтін иісін сезгеннен кейін бірден жолаушыларды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Астана LRT» компаниясына сілтеме жасап.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы ЭКСПО плаза аялдамасында болған. №53 автобус жүргізуші жолаушыларды дер кезінде түгел түсіріп үлгерген. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына xабар алғаннан кейін 10 минуттан соң жетіп, қызыл жалынды толық өшірген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#автобус #өрт