$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 3 жасар қыз бензин ішіп уланды

Шымкент қаласында үш жасар қыз бензин ішіп уланды деп хабарлайды tengrinews.kz.

Жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршінді ауыр жағдайда жергілікті ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің ішкі ағзалары қатты зақымданған. Бүлдіршінге шұғыл көмек көрсету үшін ол «гипербариялық оксигенация орталығына» жеткізді.

«Дәрігерлер назоганстролды зондтың көмегімен баланың асқазанын жуып тазалады. Емдеу жұмыстарын дереу бастағанның арқасында, қайғылы жағдайдың алдын алдық. Екі күн бойы жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде үш жасар қыздың жағдайы едәуір жақсарды. Үшінші күні баланы жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырдық», - деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары