Бразилия азаматтары Себастьян Салгадо мен Лелия 20 жыл бұрын жалаң төбешікте тұрып еді, ал қазір олардың үйін тропикалық орман қоршап жатыр, деп жазады Stan.kz.
90-жылдары Себастьян мен Лелияге Аймореш қаласының маңындағы шаруа қожалығы мұрагерлікке қалған болатын. Бірақ, оның аумағы қаңырап бос жатқан еді.
Ал, ерлі-зайыпты Салгадолар өздеріне мұра ретінде қалған ранчода кезінде Рио Доси өзенінің алқабында өскен тропикалық орманды қайта қалпына келтіруді шешті. 1998 жылы олар Instituto Terra экологиялық ұйымын құрды.
Содан ферма жеке қорық мәртебесін алды. Себастьян мен Лелияның алдында өз учаскесіне бірнеше ағаш қана отырғызу емес, бүкіл экожүйені 710 гектарға дейін қалпына келтіру міндеті тұрды.
Демеушілерді тапқаннан кейін олар ынтагерлердің шағын тобын жинап, 20 жылдың ішінде бұл алқапқа бразилиялық тропикалық ормандарға тән 2 миллионнан астам ағаш пен тал-шілік отырғызды. Осылайша, ерлі-зайыпты өлкеге өсімдіктердің 300-ге жуық түрін қайта алып келді.
Уақыт өте келе, бұл аумақ қайтадан табиғи қайнар көздерге толтырылды. Ақырында, Себастьян мен Лелия орманды қайта қалпына келтіргенде, ол жерді жануарлар мекен ете бастады. Қазір кезінде тек жалаңаш таулар болған өлкеде құстардың 172 түрі және сүтқоректілердің 33 түрі тіршілік етеді.