Биыл шеруге 25 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұрыс даласында қаза тапқан және Отанына аман-есен оралған жауынгерлердің ұрпақтары туған-туысқандарының портреттерімен "Қазақ елі" монументі алаңына жиналды.
Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отан қорғаушылар" алаңына дейін жалғасты.
Іс-шараға тек қала тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көршілес өңірлердің тұрғындары да қатысты, соның ішінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Степногорск, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарымен қатар, шет мемлекеттен келгендер де болды. Шеруге қатысушылар "Отан қорғаушылар" монументіне 15 топқа бөлініп, еш кедергісіз гүл шоқтарын қойды.