$ 498.34  519.72  4.85

Маскүнем полицейлерге қарсы алабайын айтақтатты

Алматы облысында тәртіп сақшыларына төбелескіш итін айтақтаған Талғар ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Кеңдала ауылында орын алған. 2 мамырға қараған түні қоңырау бойынша келген патрульдік полицейлер отбасылық жанжал шығарған жергілікті тұрғынды тыныштандыруға тырысқан. Алайда, ішімдікке тойып алған азамат полицейлерге қарсылық танытып, оларға "алабай" тұқымдас үлкен итін айтақтаған.

Алматы облысы ІІД хабарлауынша, тәртіп сақшылары қару пайдалануға мәжбүр болды. Салдарынан ит жараланған. Осы уақыт аралығында, ит иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері құқық бұзушының мекен-жайын анықтап оны ұстап алды. Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Ал, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

Сонымен қатар, ведомство өкілдерінің мәліметінше жыл басынан бері полицейлерге қабаған иттерін айтақтаудың бұл екінші дерегі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары