$ 494.87  520.65  4.91

Сайрамда газ баллоны жарылып, 8 адам күйді

9 мамыр кешкісін ауызашар кезінде Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 8 адамды күйік шалған. Олар алтауы қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды azattyq.org.

Мира Мүсілімнің сөзінше, жан сақтау бөлімінде жатқан алты адамның үшеуінің жағдайы өте ауыр. Олардың бірі - 5 жасар бала. Науқастардың денесін 19 пайыздан 90 пайызға дейін күйік шалған.

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаев Ақсукенттегі дәмханалардың бірінде тауық етін пісіретін пешке жалғанған 50 литрлық газ балоны жарылғанын растады. Қазіргі уақытта тиісті мамандар ақаудың қайдан шыққанын анықтап жатыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары