$ 443.85  474.3  4.8

БҚО-да «КамАЗ» автокөлігі өртенді

Батыс Қазақстан облысында "КамАЗ" автокөлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 14.22-де Бөрлі ауданында болды.

«Ақсай-Орынбор» жолының 11-шақырымында "КамАЗ" автокөлігінің салоны өртенді.

Оқиға орнына 26-өрт сөндіру бөлімінен 7 адам 1 техникамен барды.

"Тілсіз жау" өрт сөндірушілер барғанға дейін ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары